+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу: Астананың дамуы жастарға үлкен перспектива ашты

2021 жылғы 3 шілде 14:56
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу: Астананың дамуы жастарға үлкен перспектива ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Елорда күніне орай Тәуелсіздік құрдастарымен онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
3 мыңға жуық астаналық жас спортпен тегін айналысуда Нұр-Сұлтанда жастарға арналған қызмет көрсету орталықтары ашылады Жастарға арналған қызмет көрсету орталығы: Астаналық жастарды не мазалайды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бастамаларды ілгерілетуге және іске асыруға тарту жоспарланғанын атап өтті.

Іс-шараға «Болашақ» Халықаралық стипендиясының түлектері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, сондай-ақ голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасының жетекшісі А.Орынбаева, спорттық-бал биінің педагогы Е. Моисеев және басқалар қатысты.

Қатысушылар Нұр-Сұлтанның Қазақстан Тәуелсіздігінің нышанына айналғанын айта отыра, астананың дамуы көптеген жас қазақстандықтар үшін үлкен перспективаларды ашып, олардың мұнда ел өмірінің түрлі салаларындағы жетістіктеріне атсалысуына жол ашқанын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT