Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфоға сілтеме жасап.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 00.00-16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан.

Олардың 31 қыз, қалған 24-і ұл бала. Бұл №2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер.

Сарыарқа аудандық әкімшілігі мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды құттықтады.

Соңғы жаңалықтар