«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы ұлы істерді еске түсірді - Владимир Божко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында Ұлт көшбасшысы әлеуметтік-саяси сипаттағы қандай қатерлерге төтеп бергені айқын көрініп тұр. Бұл туралы ҚР Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылау бойынша ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл  кітапты оқыған кезде бірқатар естеліктер есіме түсті. Осы орайда «Тәуелсіздік дәуірінен» Тәуелсіздік жылдарының бас кезінде Елбасы мен жалпы еліміз басынан өткерген қиындықтар айқын көрініс тапқан. Бұл тарихи еңбекті оқығаннан кейін, «ұлы істер алыстан жақсы көрінеді» деген объективті әрі орынды пікірді айқым келеді», - деді Владимир Божко. 

Сонымен қатар ол өткен жиырма жылдан астам уақыттан кейін, Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде шешімін тапқан проблемалардың қаншалықты қиын болғанын айқын сезініп отырғанын сөз етті.

«Өткен жылдарды тағы бір зерделеп шықсақ, біздің еліміздің дамуы жолында Елбасы Қазақстан халқын әлеуметтік-саяси сипаттағы қандай қатерлерден алып өткенін айқын сезіне бастайсың. Бұл тұрғыда экономикалық, әлеуметтік әрі саяси бағыттардағы қауіптерді еңсере алдық. Дегенмен де бұндай қиындықтар ыдыраған Одақ құрамындағы бұрынғы елдерге ауыр тигенін білеміз», - деді Владимир Божко.

null 

Соңғы жаңалықтар