Тауар бағасы қымбаттай ма – Дәленовтің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Валюта бағамының өзгеруіне байланысты елімізде азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттамауы тиіс. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баға өте маңызды мәселе. Мұны азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар деп екі бөлікке бөліп қарастыруға болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, азық-түлік тауарларының басым бөлігі елімізде өндіріледі, жергілікті ресрустарға байланған. Сондықтан валютаның, доллардың теңгеге бағамының өзгеруі салдарынан баға өзгеріске ұшырамауы тиіс. Азық-түлік бағасына маусымдық жағдайлар, тауарлық кедергілер сынды жайттар әсерін тигізуі мүмкін. Бәсекелестіктің болмауы, ымыраласу да бағаға әсер етуі ықтиал», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, техникалар, электронды техникалар, фармация сынды отандық өндіріс жоқ немесе лайықты емес тауарларға теңге бағамының өзгеріске ұшырауы әсерін тигізеді.

«Дегемен, біз мұндай жайтты 2009 жылы, 2016 жылы бастан кешірген едік. Ол бірнеше бағытты болып келеді. Ең алдымен фармация саласында шарттасу институты бар. Бірыңғай дистрибьютор негізгі тауарларға шарттасып қойды. Электроника саласына қатысты айтар болсақ, әлемдік брендтер алдын ала жергілікті жердің сұранысына бағаның сай болуын ескереді. Сондықтан электроника саласында әдетте баға бұрынғы деңгейде қалады. Баға ымыраласулардың барлығының алдымен ескерту түрінде, одан кейін тексеру түрінде жолы кесіледі. Сондықтан біз инфляциялық процесті сыртқы әсерлер қойласыз болып тұрғанның өзінде бақылап отыруға болады деп санаймыз», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар