Татарстанда жылжымалы зообақ өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чистополь қаласында (Татарстан Республикасы) сауда үйлерінің бірінде болған өрттен, жылжымалы зообақ жанып кетті. 60 жануардың тек 14-і ғана құтқарылды.

Өрттің алғашқы бес минуттарында дүкеннің қызметкері төрт маймылды, бес тотықұсты және бес рептилияны құтқарып үлгерген. Құтқару жұмыстарын ары қарай жалғастыруға қою түтін кедергі келтірді, деп хабарлайды ТАСС. Оқиға орнына жеткен құтқарушыларға ғимараттағы жануарлар туралы айтылмаған.

Өрт туралы хабарлама сауда орталығының күзетшісінен кешқұрым келіп түсті. Чистопольдегі тілсіз жауды ауыздықтауға  Нижнекамский және Алексеевский гарнизондары да жұмылдырылған. 

Соңғы жаңалықтар