Татьяна Ахметова-Аманжол күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда күрес түрлерінен Азия іріктеу турнирі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс финалында әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақта Татьяна Ахметова-Аманжол Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысымен кездесті. Ким Хен Чжумен өткен бақталас 11:1 есебімен аяқталып, Татьяна Ахметова-Аманжол ақтық сынға өтті.

Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінің финалына шыққан спортшы автоматты түрде Олимпиада жолдамасына ие болады.


Соңғы жаңалықтар