Тасқын судан тазаланған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды

None
None
МАҚТААРАЛ.ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданындағы тасқын судан тазаланған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Мамандар түрлі жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу мақсатында залалсыздандыру шараларын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдан Ахметовтың айтуынша, дезинфекциялау жұмыстары алдымен әжетханаларда жүргізіледі.
«Қазіргі таңда судың деңгейі түскен ауылдардағы аулалық әжетханаларында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге Фердауси және Өргебас елді мекендерінде профилактикалық шараларды қолға алдық. Алдағы уақытта су деңгейі түскен басқа да ауылдарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады.

Дезинфекциялау жұмыстары мұнымен шектелмейді. Сондай-ақ, елдімекендердегі су ұңғымалары мен ауыз су құбырлары да тиісті әдістермен тазартылады. Соңында ауыз суға сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексерілетін болады», – дейді А.Ахметов.

Айта кетейік, жалпы дәрілеу жұмыстарына «Шымкент дезинфекция» мекемесінің арнайы 6 маманы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар