Тасқала ауданы аумағында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылдық округінде РФ Саратов облысымен шекаралас жатқан Беленка ауылының маңында жанында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өлген ақбөкендердің 18-і мүйізі бар ересек еркек және 4-еуі ұрғашы.

Келеңсіз жағдай шамамен 2020 жылдың 31 шілдесі күнгі дауылдың және дала өртінің салдарынан болған.


Соңғы жаңалықтар