Ташкентте ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтуде

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысуда. Оның алдында ол ӨР Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен келіссөздер жүргізген.

Кездесуде ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары көп жақты форматта сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларын, инвестиция, көлік, өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мәселелерін талқылады.

ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Жалпы, отырыста 14 құжатқа қол қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар