Ташкентте шетелдіктер үшін 1 мың долларлық туристік пакет әзірленеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында шетелдік туристерді тарту үшін құны 1000 доллар тұратын қызметтер пакеті қалыптастырылады. Бұл туралы Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент әкіміне туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңесте тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ташкентке шетелдік туристерді кем дегенде 3 күнге тарту және «1 мың долларлық қызметтер пакетін» ұсыну бойынша жеке бағдарламаны жүзеге асыру міндеті қойылды», - деді Шавкат Мирзиёев.

Туристерді тарту үшін жыл бойы жұмыс істейтін аквапарктер, аттракциондар мен басқа да тақырыптық парктер, тәулік бойы ашық тұратын кемінде 5 гастрономиялық және сауда көшелері, мейрамханаларда, қонақ үйлерде, қоғамдық орындарда жанды концерттер, ашық аспан астындағы шоулар (би және музыкалық бағдарламалар) мен фестивальдар (гүлдер, балмұздақ, музыкалық, гастрономиялық) ұйымдастыру жоспарланған.

«Осының арқасында астанаға қосымша 1 млн турист тартуға мүмкіндік бар», - деп атап өтті Шавкат Мирзиеев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанға келген туристер саны екі есеге өсті.



Соңғы жаңалықтар