+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Ташкентте «C5+1» қатысты бірлескен мәлімдеме қабылданды

2020 жылғы 3 ақпан 21:33
Бөлісіңіз:
Ташкентте «C5+1» қатысты бірлескен мәлімдеме қабылданды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «С5+1» министрлерінің кездесуіне қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл форматқа сондай-ақ Түрікменстанның Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео қатысты.

М. Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия мемлекеттерінің өңірлік өзара іс-қимылының нығаюына баса назар аударып, Нұр-Сұлтан мен Ташкентте өткізілген аймақ елдері көшбасшыларының Консультативтік кездесулерінің жоғары нәтижелілігін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысушылар экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

«АҚШ Халықаралық дамуын қаржыландыру корпорациясы Орталық Азияға америкалық инвестициялардың ағынын жандандыруға көмек көрсете алады. Қазақстандағы Америка агенттігінің серіктесі ретінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсынамыз», - деді М. Тілеуберді.

Министр өңірдің транзиттік-көліктік мүмкіндіктерін дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ құрылатын Орталық Азия өңірлік энергетикалық нарығының әлеуетіне назар аударды. Бұл саладағы бастамаларды іске асыру үшін платформа ретінде Қазақстан СІМ басшысы Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын пайдалануды ұсынды.

Министрлік кездесудің қорытындысы бойынша «C5+1» аймақтық күн тәртібіндегі басым мәселелер көрсетілген бірлескен мәлімдеме қабылданды.

«С5+1» форматы Орталық Азия мен АҚШ елдері арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік тетігі болып табылады. 2015 жылғы 26 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында алты елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Сыртқы істер министрлері деңгейінде жеті отырыс өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT