Тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптесіне айналдыру керек - Көшербаев
«Бүгінгі таңда елімізде 500-ге жуық ұлттық этно-мәдени қорлар мен тарихи-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бұл бірлестіктер тарихшылар мен журналистердің, жазушылар мен өлкетанушылардың басын біріктіріп, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттап, қазақтың даңқты ұл-қыздарының еңбектері мен ерліктерін жас ұрпақтың жадына сіңіруге аянбай қызмет етіп келеді. Әлбетте, бұл - өте қажет әрі маңызды шаруа. Біздің ойымызша, ендігі жерде осы бірлесіктер мен қорлардың қызметін жаңа сатыға көтеріп, оларды республикалық және жергілікті биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптестері қатарына көтеретін кез келді», - деді Қырымбек Көшербаев.
Мемлекеттік хатшы алдағы уақытта бұл қорлар мен бірлестіктердің еліміздің айтулы даталар мен күнтізбесін және гуманитарлық күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуы - бәріміз үшін аса маңызды болатынын баса айтты.
«Біз жергілікті жерлердегі рушылдық пен басқа да ұсақ бөлінушілердің жолын кесіп, отандастарымыздың бойында ұлттық, мемлекеттік сананың қалыптасуына мүмкіндік береміз»,- деді ол.