Тарих пәні Алтын Орда туралы тың деректермен толықтырылады - Дәурен Абаев

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы «Алтын Орда» тақырыбын насихаттау бойынша бірқатар бастамаларды мақұлдады. Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оларды келесі жылдан бастап жүзеге асыруымыз қажет.

Бірінші, шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмысын күшейту;

Екінші, республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріп, соның негізінде тарихи-материалдық кешен құру бойынша жоспар дайындау;

Үшінші, ғылыми монографиялардың шығуын пысықтау», — деген ол Жошы, Берке, Өзбек хандардың тарихи рөлін тереңірек зерттеу көзделіп отырғанын атады.

«Төртінші, «Ұлық Ұлыс» энциклопедиясының шығуын пысықтап, Уикипедиядағы Алтын Орда тақырыбына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі контентті жаңалау;

Бесінші, Ұлық Ұлыстың Жошыдан Кенесарыға дейінгі хандары туралы, Алтын Орданың рухани және материалдық мәдениеті, қалалары мен сауда саясаты жайлы деректі фильмдер сериясын шығару мәселесін пысықтау;

Алтыншы, алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілердің шығуын қамтамасыз ету;

Жетінші, Алтын Орда тақырыбы бойынша ашылған тың деректерді ескере отырып, мектеп және жоғарғы оқу орнындағы Қазақстан тарихы пәні бағдарламасының мазмұнын өзектендіру», — деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар