+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Тарбағатай ауданында оқшаулау орталығы болмайды – аудан әкімі

2020 жылғы 21 ақпан 15:32
Бөлісіңіз:
Тарбағатай ауданында оқшаулау орталығы болмайды – аудан әкімі

ТАРБАҒАТАЙ. ҚазАқпарат - Тарбағатай ауданында оқшаулау орталығы болмайды. Ақжарда жиналған халықтың алдына шыққан аудан әкімі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Шымкент тұрғыны кешірім сұрады СҚО-да коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы жоспар әзірленді Коронавирус: Қарағанды денсаулық сақтау басқармасы маскалар тапшылығына қатысты түсініктеме берді

«Кеше Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылының тұрғындары карантиндік орталықтың құрылуына қарсылық білдіріп, алаңға шыққан болатын. Аудан әкімі денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Уақытша стационар ашу туралы» бұйрығының 9 және 9.1 тармақтарының күшін жою туралы аймақ басшысының қаулысын көрсетіп, жиналған жұртшылықты сабырға шақырды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ауданда облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметовтің қатысуымен ауқымды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бақытжан Какенқажыұлы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында орналасқан Туберкулез диспансеріне қытайдан келген азаматтар карантинге жатқызылады» деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Тек қауесет», делінген хабарламада.

Сондай-ақ жиынға қатысушыларға көршілес мемлекетте тараған індеттің алдын-алуға байланысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мағлұмат берілді. Осы ретте аудан тұрғындары ауруханалардың жағдайы және олардың медициналық қажеттіліктермен жабдықталуы, жедел-жәрдем қызметі туралы өзекті сұрақтарды көтерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT