Тараздықтарға пәтер алып беруге уәде берген алаяқ әйел қолға түсті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда алаяқ пәтер сатып алуға көмектесемін деп тұрғындардың 2,5 миллион теңгесін алып кеткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін 33 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тергеуге дейінгі тексеру барысында әйелдің қала тұрғындарының сеніміне кіріп, үй сатып алу бойынша қызметтер ұсынғаны анықталды. Сол арқылы ол «құрбандарының» 2,5 миллион теңгесін иемденген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ведомство хабарламасында.

Алаяқтың құрығына түскен басқа да адамдарды анықтау бойынша бірқатар тергеу әрекеттері атқарылуда.


Соңғы жаңалықтар