+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Тараздық жастар майдангерлерді құттықтап барды

2020 жылғы 9 мамыр 13:53
Бөлісіңіз:
Тараздық жастар майдангерлерді құттықтап барды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық жастар Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, өңірлік штаб жастары үшін ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналды. Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, ардагерлерге атаулы көмек көрсетуге және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған Жеңістің 75 жылдығына орай #Жеңісүшінрахмет акциясы аясында штаб өкілдері ардагерлердің үйіне барып, оларды мерекемен құттықтады.

Ардагерлерді құттықтай отырып, жастар қозғалысының төрайымы Хамида Турдыева ардагерлердің ерлігін атап өтті.

«Сіздердің басыңызға түскен қиындықтарды бағалау мүмкін емес, бірақ сіздердің ерліктеріңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. Біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін сіздерге алғыс айтып, басымызды иеміз», - деді ол.

Жас ұрпақ пен ардагерлердің кездесуі барлығына әдемі көңіл-күй сыйлады. «Жаңғыру жолы» қозғалысының жастары ардагерлерге алғыс айтып, денсаулық, сергектік пен амандық тіледі, сыйлық табыстады.

Ардагерлерге деген ілтипат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болып қала бермек. Жылы сөз бен ыстық ықыластың өзі де көңіліне демеу болатын ардагерлер облыстық штаб жастарына алғысын жаудырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT