12:45, 31 Наурыз 2020 | GMT +6
Тараздық тұрғыннан 10 келіден астам марихуана тәркіленді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының 42 жастағы тұрғынынан 10 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-алдын алу іс-шараларының барысында есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін 42 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы аталмыш полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, күдіктіден тәркіленген зат – жалпы салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, Тараз қаласы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,-делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.