+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Тараздық оқушы банан мен апельсин қалдығын тыңайтқыш ретінде қолдануды ұсынды

2020 жылғы 31 наурыз 02:50
Бөлісіңіз:
Тараздық оқушы банан мен апельсин қалдығын тыңайтқыш ретінде қолдануды ұсынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аяулым Әділова жеміс-жидек қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас ғалым күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсинді тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселелерді шешуге болады деп санайды.

«Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар қолданылады. Оған балама ретінде биологиялық тыңайтқыш – банан мен апельсин қалдығын қолдануды ұсынамын. Зерттеу жұмысымның барысында түрлі тәжірибелер жасап, оң нәтижелерге қол жеткіздім», – дейді Аяулым.

Жас зерттеуші химия пәнінің мұғалімі Эльмира Әкімованың жетекшілігімен тәжірибелер жасап, аталған органикалық қалдықтардың пайдалы элементтерге бай екендігін және шаруашылықтағы тиімділігін анықтаған.

«Аяулым сәуірде өтетін «Химик-зерттеуші» ІII Халықаралық үздік ғылыми жоба сайысына шақырту алды. Еліміз пандемияны еңсеріп, карантин аяқталса, міндетті түрде жарысқа қатысамыз. Қазір оқушым екеуміз күнделікті Skype арқылы сөйлесіп, жобаны дамыту үстіндеміз», – деген ұстаз шәкіртінен үлкен үміт күтетінін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT