+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Тараздық еріктілер полицейлерге рейд жүргізуге көмектесуде

2020 жылғы 22 наурыз 15:42
Бөлісіңіз:
Тараздық еріктілер полицейлерге рейд жүргізуге көмектесуде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық еріктілер полицейлерге қаладағы ойын-сауық нысандары мен көңіл көтеру орындарына рейдтер өткізуге көмектесуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Көмек-2020»: Қарағанды облыстық қоғамдық қорына 270 млн теңге түсті Тараз тұрғыны дәрігерлер туралы бейнетүсірілім үшін кешірім сұрады Ақмола облысында карантин режимін бұзған қарағандылық 3 тәулікке қамалды

Жамбыл облысында еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласындағы ойын-сауық және көңіл көтеру нысандары бойынша түнгі рейдтер өткізді.

Бұған дейін барлық кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде сағат 22.00-де барлық мейрамханалар мен дәмханалардың жабылуы керектігі туралы хабарлама алған болатын.

Түнгі рейд кезінде еріктілер 20-дан астам көңіл көтеретін нысандарды, түнгі және компьютерлік клубтарды, интернет-кафелерді аралады. Барлық ойын-сауық орындары жабылған. Талап бұзу жағдайлары анықталған жоқ.

Сонымен қатар, мобильді топтар тұрғын үйлердің аулаларын аралап, қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратты. Коронавирус пандемиясына байланысты алдын алу шараларының талаптарын түсіндірді, азаматтарды себепсіз көшеге шықпауға, айналасындағылармен байланысты барынша қысқартуға және гигиена талаптарын сақтауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT