Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңа түрін ойлап тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңа түрін ойлап тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Тараз қаласының 35 жастағы тұрғынына эндопротезге инфекция түспес үшін цемент пен антибиотикті қосып араластырып салынды. Аталмыш тәсілмен тек жасанды буынды алмастырып қана қоймай, онда жинақталған микробтарды да жоюға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жасанды буынды қойғаннан кейін құлау, тоңазу және ортопедиялық режимді бұзу салдарынан науқастарға қайта ота жасаған жағдайлары көп кездесетіндіктен, бұл әдіс – тиімді болып саналады екен.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын тепсе темір үзетін Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны автокөлік апатына түсіп, аяқ астынан мүгедектер арбасына таңыламын деп ойлаған да емес. Бастапқыда ешқандай ауруды сезбей, одан болатын қауіп-қатерді де ойламай, уақыт создырып алған Н. есімді азамат кейіннен аяғының ауырсынуы күшейіп, бір жылдан кейін мүлдем жүре алмай, бір жарым жылдай үйінде қозғалыссыз жатып қалады. Тек осыдан кейін ғана ауруханаға келген оған қатарынан 3 рет ота жасалып, бір аяғына эндопротез қойылады. Қозғалыссыз жата бергендіктен, салмағы да артып, қимылдауы қиынға соққан оның ағзасына да инфекция түскен. Содан Тараз қалалық көп бейінді ауруханасының жарақат бөлімшесінің дәрігер травматологы Даурен Идеевтің ұзақ жылдық тәжірибеден кейін қолданып келе жатқан жаңа әдісінің арқасында эндопротезге инфекция түспес үшін цемент пен антибиотикті қосып араластырып салу туралы шешім қабылданған.

Бүгінде науқас қиналған ауыр да азапты күндері артта қалып, өзін өмірге жаңа келгендей сезінуде. Жақында оның екінші аяғына да эндопротез қойылмақшы. Бүгінде мүгедектік арбасынан түсіп, өз аяғымен ауруханаға келіп, көрініп жүр.

«Эндопротезді Алматы қаласынан аранайы тапсырыспен алғызамыз. Адам тәніне мейлінше ұқсайтын материалдардан дайындалған жасанды буын сүйек цементімен бекітіледі. Сондай-ақ, жасанды буын адамның сүйек тініне, тізенің анатомиялық ерекшеліктеріне қарай дайындалады. Біз осы протезді науқасқа тек салып қана қоймай, оған антиботик қосу арқылы – бірден екі түрлі нәтижегеге қол жеткізіп отырмыз»,- дейді Дәурен Идеев.

Атап өту керек, эндопротездеу дегеніміз – адамның тозған шеміршегіне болмаса зақымданған буындары мен сынған сүйектерге жасалатын ота. Ол полиэтиленді жапсырмамен не темірмен алмастырылады. Компьютерлік томография және МРТ негізінде науқастың анатомиялық ерекшеліктері талданып, ондаған жылдарға жарайтын жарамды протез қойылады. Жасанды буын жоғары сапалы медициналық қорытпадан тұрады. Эндопротездеу – зақымданған буынды алмастыру процесінің бір бөлігі ғана.


Соңғы жаңалықтар