Тараздық 31 жастағы жүргізушінің көлігінен суық қару табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында 31 жастағы тұрғынның автокөлігінің жүксалғышынан қару табылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде патрульдік жасақ Сүлейменов көшесінде Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы «БМВ» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштағы спорттық сөмкеден ТОЗ-120 маркалы 12 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қару табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (ұңғысыз атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда, қарудың қылмыс жасауға қатыстылығын анықтауға баллистикалық сараптама тағайындалды», - деді ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.


Соңғы жаңалықтар