Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің алтынын ұрлаған қарағандылық тергелуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында зергерлік салонынан 25 миллион теңгенің алтынын ұрлап кеткен күдікті ұсталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласындағы зергерлік дүкенінің біріне қабырғасын бұзып кіріп, 25 000 000 теңге көлеміндегі алтын бұйымдардың басым бөлігін алып шыққан ұры қолға түсті. Зергерлік дүкеннің ішіне бұзып кіру тәсілін қолданғандықтан облыс орталығының тұрғындары бұл қылмысты «итальянша тонау» деп атаған еді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Қарағанды облысының бұрын сотты болған 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Осыған орай, «Домино» зергерлік салонының директоры Марина Седова Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі жедел тобына зергерлік салонды тонау дерегін ашқаны үшін шынайы ризашылығын білдірген.

«Жедел топтың үйлесімді және жоғары кәсіби жұмысының нәтижесінде қылмыскер ұсталды. Сіздердің қажырлы еңбегіңіз, құзыреттілігіңіз, дұрыс шешім қабылдау қабілеттеріңіз барлық құрметке лайық. Сауатты және кәсіби ұйымдастырылған операция үшін Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі басшылығына үлкен алғысымды білдіремін», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар