Тараздағы мерекеде 110 домбырашы Құрманғазының күйін шертеді

None
None
ТАРАЗ. КАЗИНФОРМ - Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайы бүгін «Көне Тараз» мәдени- тарихи орталығында «Тәуелсіздік-тұғырым, Қазақ хандығы- ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өтеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға бағытталған.

Шараның салтанатты ашылуында домбыра оркестрлерінің 110 домбырашысының қатысуымен Құрманғазы күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық флешмобы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындары «Ақындар ауылында» өтетін айтысты тамашалай алады.

«Ғажайыптар алаңында» облыстық орыс және қазақ драма театрларының артистері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлері ертегі әлеміне саяхат жасайды.
Қала тұрғындарының назарына облыс мұрағаттары қорынан жасақталған «Мұрағат - тарихи қазына» жәдігерлер көрмесі ұсынылады. Көрмеден Тәуелсіздік пен Қазақ хандығы туралы құжаттардың көшірмелері, фотоальбомдар мен тарихи кітаптар қойылады.
Келушілер арасында «Ән-көңілдің ажары» караоке - ән айту сайысын өткізу жоспарлануда.
Ашық аспан астындағы «Кино әлемі» алаңында Қазақфильмнің «Алтын қорынан» үздік деректі, көркем фильмдер көрсетіліп, Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазіргі киноматографтардың туындылары көрермендерге ұсынылады. «Ұлы дала ойындары» алаңда қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қазақша күрес ұйымдастырады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Саусағынан өнер тамған шеберлер» қолөнерші, суретшілер көрмесін ұйымдастырады. Көрмеде Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшелерінің туындылары қойылып, суретшілер келушілердің портреттерін салады.
«Өнер алаңында» облыстық филармониясы әртістері келушілерге мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынады.

 

Соңғы жаңалықтар