Тараздағы базарда 2 вакциналау кешені жұмыс істеуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарында халықты коронавируске қарсы вакцинациналайтын 2 жылжымалы кешен жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық кешендегі қызметкерлер құрамында вакцина салдырушылардың денсаулығын тексеріп бақылайтын 2 дәрігер, 2 вакцинатор және медициналық тіркеушілер бар. Бір күнде 100-ге жуық адамға вакцина салынған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары облыстың 20 емханасының базасында ғана емес, көшпелі жылжымалы бригадаларында да жүргізілуде.

2021 жылдың 28 сәуірінен бастап «Ауыл-Береке» базарының аумағында № 7 және 9 емханаларға жататын екі жылжымалы медициналық кешен базасында мобильді вакцинация кабинеттері ашылды. «Спутник V» вакцинасымен алғашқы егуді «Ауыл- Береке» базарының директоры, содан кейін қызметкерлері алды. Барлық азаматтар екпе алуға ерікті түрде, өз келісімдерімен, кезекпен келді. Келушілер, алдымен, дәрігердің қарауынан және тексеруінен өтті. Егілгендерде отыз минут ішінде реакциялар мен асқынулар байқалған жоқ»,-делінген басқарманың хабарламасында.

Екпе қабылдаушылаушыларға «QazCovid-in» және «Спутник V» вакцинасы туралы ақпарат берілуде. Келесі егу күні 21 күннен кейін белгіленгендігі айтылып, бұл туралы ескерту телефондарына келетіндігі жөнінде де құлаққағыс етілді.

№ 7 және 9 емханалардан, СЭС орталығынан құрамы 10 адамнан тұратын медицина қызметкерлері бригадалары базарда жадынамалар мен үндеухаттарды тарата отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар