+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Тараздағы бала зорлау оқиғасынан кейін Алматыда бос тұрған 12 ғимараттың есігі мөрленіп, жабылды

2020 жылғы 21 ақпан 17:29
Бөлісіңіз:
Тараздағы бала зорлау оқиғасынан кейін Алматыда бос тұрған 12 ғимараттың есігі мөрленіп, жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тараздағы бала зорлау оқиғасынан кейін Жетісу ауданында қаңырап бос тұрған ғимараттардың есіктері мөрленіп, жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда адамнан мысыққа коронавирус жұқты Алматыдағы ауруханадан коронавирус жұқтырған тағы бір азамат емделіп шықты Қордай оқиғасы бойынша 25 адам ұсталды - Бас прокуратура

Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі Мақсат Қиқымов айтты.

«Тараздағы оқиғадан кейін біз дереу мектеп айналасындағы қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп шықтық. Нәтижесінде бос тұрған 12 ғимарат анықталды. Оларды шұғыл түрде жауып тастадық. Айта кетейік, оның барлығы - жеке меншік», - дейді аудан әкімі

Еске салайық , 2019 жылдың 15 қарашасында Тараз қаласындағы мектептердің бірінің әжетханасында кәмелет жасына толмаған оқушы қыз зорланды. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жамбылдық полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні оқиғаның ізін суытпай ұстады .

Кейіннен анықталғандай, кәмелетке толмаған қыз облыс орталығындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты. Күдікті азғындық әрекетін мектептің сыртындағы әжетханада жасаған.

Кейін білім ошағының басшылары қызметінен кетті.

Фото: newsvl.ru
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Жамбыл облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT