Таразда жылына 15 млн экспресс тест шығаратын өндірістік кешен салынып жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында облыс әкімі «Әмір және Д» ЖШС қоймалары бар фармацевтикалық өндіріс кешенінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда экспресс тест пен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығарылады.

Жобалық қуаты – жылына 15 миллион экспресс тест, 1,5 миллион бақылау ерітіндісі және зарарсыздандыруға арналған 50 мыңға жуық орама.

Серіктестік басшылығының айтуынша, жаңа өндіріс кешенінде 150-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Осылайша ұйымның ауқымы кеңейіп, жалпы әкімшілік-басқару персоналы, бухгалтерия, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоймасы, оларды сату және сатып алу, әкімшілік-шаруашылық, рецептуралық-өндірістік, ақпараттық-технологиялар бөлімдері мен дәріханалардан құралады.

Бердібек Сапарбаев фармацевтика өнеркәсібі стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі болып қала беретіндігін атап өтті.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында фармацевтика саласын аяққа тұрғызатын уақыт жеткенін баса айтқан болатын.

Бүгінде өңірдегі бес жергілікті компания дәрі-дәрмек өндірумен айналысады. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, фармацевтика нарығындағы жамбылдық препараттар үлесін арттыруға жағдай жасау қажеттігіне айрықша көңіл бөлінуде.


Соңғы жаңалықтар