Таразда жалған ПТР анықтама жасап сатқан емхана медқызметкері ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда ПТР тест анықтамасын қолдан жасаған медқызметкер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысының полиция департаменті ПТР тест пен вакцинация паспортын қолдан жасағандарды анықтау мақсатында іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

Соның аясында ПТР тестің теріс нәтижесі бар анықтаманы қолдан жасаған емхана қызметкері ұсталды.

Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр.

26 жастағы медқызметкер жалған құжат жасағаны үшін ақша алмағанын және бұл жағдай бірінші мәрте болып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінің рас-өтірігі тергеу кезінде анықталады.

Ал осы анықтаманы қолданған 47 жастағы әйелдің үстінен ҚК 385-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жалған құжат жасағандарға - 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғандарға - 40 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар