Таразда үйге қамап кеткен екі бала өрттен ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласының маңында ата-анасы үйге қамап кеткен 5 және 4 жасар екі бала өрт салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2013 және 2014 жылы туған екі баланы ата-анасы 14 жастағы жиеніне қалдырған, ол да аз уақытқа тысқа шығып кеткен. Бір кезде от тұтанып, үй өртенген. Балалар өрт кезінде иісті газдан уланып қалған, оларды жанып жатқан үйден көршілері алып шыққан, бірақ ол кезде балалардан тіршіліктің белгісі табылмаған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

ТЖД ақпараты бойынша, балаларды көршілері дереу машинамен ауруханаға алып барған. Бірақ дәрігерлер олардың көз жұмғандарын айтқан. Мұның барлығы өрт сөндірушілер келгенге дейін болды. 

Соңғы жаңалықтар