Таразда түрмеге жолданған кір сабындардың ішінен алты ұялы телефон шықты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде тосын жәйт орын алды. Жіті тексеріс аясында күнделікті тұрмыста тұтынатын кір сабын ішінен 6 бірдей ұялы телефон мен қуаттағыш сымдар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қулыққа барғандар әрбір сабынды жеке-жеке ерітіп, арасына телефонды тығып, қайта қалпына айнытпай келтірген. Тіптен бір қарағанда аңғару қиынға соғады. Дегенмен сақшы қырағылығының арқасында тыйым салынған заттар темір тордың ар жағына жете қоймады.

Аталған түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, тәркіленген 6 бірдей мобильдік құралдың төртеуі «NOKIA» және екеуі «L8STAR» маркалы. Соңғы екеуі тіптен шағын көлемді, соған қарамастан бейне, фото түсіру, аудио жазуға қауқарлы. Қорап сыртында амалын асыруға әрекеттенген жолдаушының ұялы телефоны нөмірі де көрсетіліпті.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс сотқа жолдану бағытында құжаттар рәсімделуде.


Соңғы жаңалықтар