Таразда Тұңғыш Президент күніне орай «Zhambyl Invest» фронт-кеңсесі ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласында инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін аймақтық Zhambyl Invest фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған фронт-офис ҚР Үкіметінің «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес өңірде инвесторларға қызмет көрсету бойынша ашылып отыр.

Аймақтық фронт-кеңсе «Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» мекемесі базасында, «Тараз» әлеуметттік кәсіпкерлік коорпорациясының ғимаратында орналасқан.

Нысанның ашылу салтанатына инвесторлармен жұмыс істеуге тартылған салалық басқармалардың, ұйымдардың басшылары және облыс аумағында инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар қатысты. Онда облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров сөз алып, офистің маңызы мен атқаратын міндетіне тоқталып өтті.

«Фронт-кеңсе алаңында инвесторлармен жұмыс істеуге қатысатын келеcі әкімдік құрылымдары мен ұйымдардың қызметкерлері орналасатын болады. Фронт-офис қызметкерлерін үйлестіру үшін облыс әкімінің регламенті әзірленіп, бекітілді. Онда «Бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдау және инвестицияларды тарту бойынша өңірлік офис қатысушыларының өзара іс-қимылы белгіленген»,-деді Н.Календеров.

Бұдан соң нысанның лентасы қиылып, баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар