Таразда сауықтыру кешендерінен жезөкше притондары анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер «Стоп-Трафик» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде жезөкшелікпен айналысқан үш притонды анықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысында «Стоп-Трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысатын үш притонды анықтады.
Атап айтсақ, Тараз қаласының Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде полицейлер жезөкшелікпен айналысатын притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 46 жастағы әйел адамды ұстады. Бөлтірік-Шешен көшесіндегі тағы бір сауықтыру кешенінде осыған ұқсас қылмысы үшін Тараз қаласының 42 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы блыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Сондай-ақ, 45 адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша үш әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру)»-делінген ведомство хабарламасында.
Шара барысында, «жеңгетайлық» санаты бойынша үш адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін төрт әйел есепке алынған.
- Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
- Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
- Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
- Атырауда танысының 2 млн-нан астам теңгесін алдап алған алаяқ сотталды
-
Шымкентте қонақүйлердің бірінде емін-еркін жүрген арыстан зообаққа өткізілді
-
Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам