Таразда сауда орталығынан күртеше ұрлаған екі қыз ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда екі бойжеткен ойын-сауық сауда орталығынан күртеше ұрлаған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының ПБ 1-полиция бөліміне Төле би көшесінде орналасқан «Март» ойын-сауық сауда орталығындағы бутиктен екі қыз құны 39 250 теңге тұратын әйелдер күртешесін жасырын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті.

«Тараз қалалық ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы бутиктің бейнебақылау камерасынан қылмыстың ізін суытпай, екі қызды ұстады. Олар бұрын сотты болған 22 және 23 жастағы қала тұрғындары болып шықты, күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған күртеше иесіне қайтарылды»,-делінген олыстық полия департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар