Таразда сахнаның құлауы кезінде адамдарды құтқарып қалған әскери қызметшілер марапатталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін «Ұлттық гвардия үздігі» төсбелгісін ерлік және батырлық танытқан жамбылдық әскери қызметшілерге табыстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 16 желтоқсан күні Тараздың орталық алаңында сахна әзірлеу кезінде 30 м/с жылдамдықтағы желдің салдарынан тәуелсіздік мерекесін тойлауға арналған сахнаның бастырмасы опырылып түсті. ҚР Ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімінің қатардағы жедел қызметшілері тез арада көмек көрсетіп, ұшып бара жатқан қалқанды денелерімен бөгеп, адамдардың өмірін сақтап қалды. Орталық алаңдағы медециналық көмек көрсету машиналары №1 қалалық ауруханасына зардап шеккен сарбазды жеткізді. Түрлі деңгейдегі бас жарақатын алған екі әскери - Юрий Дылюк пен Аман Аженов жансақтау бөліміне түсті. Екі зардап шегуші - Юрий Бажен мен Диас Амангелдіге амбулаторлық ем қабылдау жазылды.

«Генерал-лейтенант Р. Жақсылықовтың бұйрығымен қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау барысында ерлік, батылдық және ержүректік танытқаны үшін 5513 ә/б қатардағы Аженов Аман мен Дылюк Юрий ІІ дәрежелі «Ұлттық гвардия үздігі» төсбелгісімен марапатталды», - деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі. - Подполковник Б.Нарбаев жамбастаған әскери бөлім басшылығы №1 қалалық ауруханасына барып, сарбаздарға әскери міндетіне адалдықтары үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, жұмыстарына табыс тілеп, наградаларын табыстады. Барлық әскери қызметшілер жазылып келеді». 

Соңғы жаңалықтар