Таразда патриоттық форум өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Болашағымыз - бірлікте! Вместе - сильнее!» облыстық патриоттық форумы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға облыстың мыңдаған тұрғындары - облыстық және қалалық әкімдіктің, этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық зиялы қауым мен саяси партиялардың өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы, бұл еліміздің маңызды жетістіктерінің бірі. Мақтануға тұрарлық еркіндігіміз, - деді форумды ашқан Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. - Қазақстан бірлігі мен жасампаздығының 25 жылы ішінде 2030 стратегиясын уақытынан бұрын іске асырып, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына кірісті. Республика бойынша біздің өңір өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары өндірісінің көрсеткіштері  бойынша көш бастаушылардың қатарында», - деді ол.

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы «Казфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Искандиров, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, «Днiпро» украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, ТарМУ мен ТарМПИ студенттері баяндады.

«Тараз-Арена» спорт сарайында патриоттық әндер шырқалып, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен кәсіби споршылар өнер көрсетті. 

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар