Таразда мобильді топ бір тәулікте 4 мерекелік шара ұйымдастырғандарды анықтады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда мобильді топ бір тәулікте төрт отбасылық іс-шараны анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте карантин режимі мен санитарлық нормалардың сақталуын бақылайтын мобильді топ Таразда төрт отбасылық іс-шараны анықтады. Ондағы қонақтардың жалпы саны 300-ден асқан. Шақырылғандардың жасы 5-тен 73 жасқа дейінгі аралықта.

Қонақтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шараларды ұйымдастырушыларға хаттамалар толтырылды.

«Карантин талаптарын елегісі келмейтіндер әлі аз емес. Олардың бірі бетперде тақпай жүрсе, ендігілері әлеуметтік арақашықтықты сақтаудан бас тартады. Көпшілік шаралардан қалмай, сол арқылы өздерінің де жақындарының да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндер де жетерлік. Мобильді топтың рейдтері жалғасуда»,-дейді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрімов.

Жалпы, 5 шілде мен 20 желтоқсан аралығында аймақта жүргізілген рейд шаралары барысында 881 заңбұзушылық анықталған. ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабы бойынша жалпы сомасы 71 333 484 теңге болатын 564 айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар