18:33, 28 Қараша 2020 | GMT +6
Таразда күшті желден ағаштар құлап, ғимараттың шатыры ұшқан
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда құтқарушылар қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28 қарашада кезекші қызметіне күшті желден (екпіні 30 м/с дейін) Тараз қаласы Ниетқалиев көшесіндегі 80 м2 аумақтағы шатыр жабындысының құлағаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Бұл жөнінде Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.
Сондай-ақ, Қазыбек би көшесінде және «Арай-2» иініндегі көпқабатты үйлер аумағында тал құлағаны белгілі болды.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар шығып, тиісті қалпына келтіру жұмысын жүргізді.
Жарақат алғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.