+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Таразда коронавируспен күрескендерге арнап монумент орнатылады

2020 жылғы 17 қыркүйек 16:13
Бөлісіңіз:
Таразда коронавируспен күрескендерге арнап монумент орнатылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Тараз қаласы құрылысы кеңесінің кезекті отырысында Тараз қаласын абаттандыру бойынша жобалар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда коронавирустан көз жұмған медбикенің отбасына өтемақы тағайындалды Әлихан Смайылов: Дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету үшін бюджет шығысын ұлғайттық

Жыл сайын облыс орталығындағы көрнекі орындар қатары артып келеді. Оның айқын бір мысалы - «Тектұрмас» этно-тарихи кешені. Соңғы уақытта аумақ айтарлықтай өзгеріп шыға келді. Аймақтың түкпір-түкпірінен тұрғындар сонда ағылуда, шаһар қонақтары да сол жерді көріп қайтуды мақсат етеді.

«Тектұрмас» аумағындағы құрылыс жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов сол маңайдағы жағажай мен жасанды сарқырама жобасы туралы баяндады. Жоспар бойынша ондағы демалушылар үшін қойылатын орындықтар ұлттық нақышта безендірілетін болады.


«Biz birgemiz» монументі де шаһардың мақтанышына айналуы тиіс. Жоба өз құрылымымен елдегі бірлік пен татулықты әспеттейді.

Айта кетейік, монумент коронавируспен күрескен азаматтарға арнап орнатылып жатыр. Көпфигуралы композицияның қақ ортасында жер шары орналасқан. Түрлі мамандық иелерінің мүсіндері оны қол ұстаса айналдырып тұр. Кешен де, монумент те ұлттық нақышта орындалады.


Облыс әкіміне сондай-ақ, Өнер үйі, Жастар орталығы, Аса ықшамауданында салынатын аллеялар жобалары да көрсетілді. Жергілікті сәулетшілер жоспарды өзге қалалардағы тәжірибеге қарап әзірлеген екен.

«Әр ғимарат бірегей болуы керек. Бірақ өзара үйлесім де ескерілгені жөн»,- деп ескертті аймақ басшысы.


Арман Әбдешов Абай мен Жамбыл даңғылдары біршама өзгеретінін жеткізді.

«Ең бірінші кезекте сауатсыз жарнама ілінген қалқандар, билбордтарды жою керек. Рұқсат етілмеген жерде нысан салып жатқан кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту керек», - деп талап қойды Бердібек Сапарбаев.

Басқосу барысында Гродеково мен Шу қаласын абаттандыру мәселелері де қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT