Таразда көлік жүргізу құқығынан айрылған тұрғын қайтадан мас болып рөлге отырған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының патруль полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Бұған дейін ер адамның мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, сол үшін үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Осыған қарамастан, ол досына бару үшін тағы да көлік рөліне отырған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сотта ер адам кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінді. Сот үкімімен ер адамды өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 200 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды» делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар