Таразда карантин талаптарын бұзғандарға 200-ге жуық хаттама толтырылған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамағандарға мониторинг тобының мүшелері 200-ге жуық хаттама толтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында 34 хаттама, ақпан айында 47 хаттама, наурыз айында 54 хаттама, сәуір айының осы он күндігі өзінде 50-ге жуық хаттама толтырылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев айтты.

Сондай-ақ, Тараз қаласының Бас санитариялық дәрігері Рита Алтынбасова да тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға жауап берді.

Алмас Садубаев аурудың артуына адамдардың той-томалақтан тиылмай тұруы себеп дейді. Бүгінде Тараз қаласында 74 мейрамхана мен 220 кафе бар. Олардың басым бөлігі жұмыс жасап тұр десек те болады. Тұрғындардың қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамауы қоғамға қауіпті әрекет болып тұр.

Ал Рита Алтынбасавоның сөзінше, Таразда эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Қала қауіптілік деңгейінің «жасыл» аймағынан «сары» аймағына өтті. Аурушаңдықтың тұрақтану, төмендеу үрдісі байқалмайды. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция пневмонияның 1446 жағдай тіркелді. Оның ішінде КВИ 882 адам болса, пневмония 564. Коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардын ішінде зейнеткерлер көш басында келеді. Бүгінде қалада 440 қарт кісі жұқпаны жұқтырған. Жұмыссыздар қатарында 370 адам болса, медициналық қызметкер саны 50-ді құрайды.


Соңғы жаңалықтар