Таразда карантин талаптарын бұзған тойханалар анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік нысандары, оның ішінде тойханалар мен кафелер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласында 10-11 қазан күндері күндізгі және түнгі рейд барысында 49 нысан тексеріліп, карантин талабын бұзғандарға хаттама толтырылды. Олардың қатарында «Гранд роял», «Ыдырыс», «Севинч», «Бақ береке» тойханалары да бар. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызеті хабарлады.

​«Мейрамханалар, түнгі клубтар және басқа да кәсіпкерлік мекемелер санитария талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Егер де, ескерту жасалғаннан кейін қайталап бұзу жағдайлары орын алса, кәсіпкерлік нысандарын жабатын боламыз. Ал, қала тұрғындары міндетті түрде маска режимі мен арақашықтықты ұстану керек»,-делінген хабарламада.

​Сонымен қатар, облыс аудандарында да мобильдік топтар күндізгі рейдте 100-ден астам нысандарды аралап, түнгі рейдте 80-нен астам кәсіпкерлік объектілерді тексерді. Олардцың қатарында мейрамханалар, кафелер мен дүкендер де бар.


Соңғы жаңалықтар