Таразда ішімдік ішіп көлік жүргізген 222 жүргізуші анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында мас жүргізушілер саны азаяр емес,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласы аумағында жыл басынан бері мас күйде көлік жүргізген 222 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Олар Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен он бес тәулікке қамауға алынып және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Масаң күйде көлік құралын басқару қауіпті, бұл әрекеттің артында адам өмірі, үміті, тағдыры тұрғанын ұмытпағанымыз жөн»,-делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар