Таразда екі автокөлік түгі қалмай жанып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында автокөліктегі өрт фактілері азаяр емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөліктің жануының негізгі себептері - электр сымдарының қысқа тұйықталуы, отын беру жүйесінің ақаулары.

Дегенмен соңғы уақытта автокөлікте немесе оған жақын жерде темекі шегу және автокөлік моторын жылыту кезінде ашық отты пайдалану секілді әрекеттер де өртке себеп болып отыр.

Атап айтсақ, сондай себеппен Тараз қаласы, Суханбаев көшесінде жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 2 автокөлік және 8 өрт сөндіруші жұмыс атқарып, өртті 4 минут ішінде өшірген.

Сондай-ақ, Тараз қаласы Западная көшесінде жеңіл автокөлік өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң автокөліктегі өртті 6 минутта ауыздықтаған. Шақырту орнында Жамбыл облысы Өрт сөндіру қызметінің 2 автокөлігі мен 9 өрт сөндіруші жұмыс атқарған. Жоғарыда аталған өрт оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ.

«Өрт салдарынан екі жеңіл автокөлік те жойылды. Қазіргі уақытта азаматтық қорғау қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтап жатыр» делінген ведомство хабарламасында.

Мамандар жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады.



Соңғы жаңалықтар