+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Таразда дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды

2021 жылғы 29 шілде 04:50
Бөлісіңіз:
Таразда дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды ШҚО-да жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды Алматыда Күдерин көшесі жабылады

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласының полицейлері ВАЗ21703 маркалы көлік жүргізушісінің Жәнібек пен Керей хан ескерткіштеріне жақын жерде дрифт жасаған видеоны анықтады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көп ұзатпай көлік жүргізушісін ұстады.

«Облыс орталығының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз көлік құралын басқару), Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-бабы 1-бөлігі ( Жолдарды бүлдіру), 596-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру) бойынша әкімшілік

жауапкершілікке тартылды»,- делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері экстремалды жүргізуді ұнататындарға ойланбай істелген әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетер болсақ, тәртіп сақшылары күн сайын түрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT