Таразда демалыс күндері қоғамдық көлік тоқтамайды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынбайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының орталығында бұған дейін демалыс күндері қалаішілік жолаушылар тасымалына тоқтау салынып келген болатын.

Бүгін қалалық әкімдіктің жауапты бөлім мамандары және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсететін мекеме өкілдері шұғыл жиын өткізді.

«Жиын барысында халықтың сұранысы ескеріліп, демалыс күндерінде қоғамдық көлік жұмысын жаңғырту жөнінде шешім қабылдап, мәмілеге келді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Дегенмен, қоғамдық көліктердің жұмысы барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жалғаспақ.


Соңғы жаңалықтар