Таразда биіктігі 7,5 метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында ұлттық аспапқа арналып ерекше ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Университет жатақханасының скверінде биіктігі 7,5 метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды. Жамбыл сәулет бюросының эскизі бойынша жасалған ескерткіш ұлттық аспаптың дәл көшірмесі болып табылады.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа ескерткіш туралы айта келе, қазақтар үшін домбыраның маңыздылығын айрықша атап өтті. Домбыра халық өмірінде ерекше орын алады. Ол көшпелі қазақтың қолынан түспеген, қуаныш пен қайғысында көңіл сырын шерткен, жан-сырын оның күмбірлі күйімен жеткізсе, әуезін әнге үйлестіру арқылы тебіренген қасиетті аспап. Домбыра күйлері – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енген.


«Студенттік жатақхананың алдына домбыраға ескерткіш орнату – тамаша идея. Аспап әрдайым халықтың ұлы рухани мұрасын еске салатын құрал ретінде көз алдымызда тұрады. Мен жастар осы мұраға лайықты болуға тырысады және университет бұл бағытта тәрбие жұмысын жалғастырады деп үміттенемін, - деді Бердібек Сапарбаев университет басшылығының бастамасын жоғары бағалап.


Айта кету керек, ескерткіш демеушілік қаражатқа орнатылған.


Соңғы жаңалықтар