Таразда баланың көзінше ит атты деген қызметкердің басы дауға қалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда баланың көзінше ит атқан қаңғыбас жануарларды аулағыш бригада қызметкерлерінің басы дауға қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға қаладағы үйлердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнетүсірілімнен қолына қару ұстаған ер адамның ит пен кішкентай қызды айналшықтап, кейін жануарды сүйреп алып бара жатқанын анық көруге болады. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыланды.

Қалалық ветеринария бөлімінің мәліметінше, мамандар онда тұрғындардың шақыртуымен арнайы барған. Ал итті басқа жерде атқан көрінеді. Айтуларынша, қалада адамдарды ит тістеу дерегі көбейген. Жыл басынан бері 1200 оқиға тіркеліп, 9 мыңнан астам қаңғыбас ит атылыпты.

«Көшеде жүретін жануарды аулағышты шақырып, түсініктеме алдық. Қала бойынша қазіргі таңда үш бригада жұмыс істеуде. Тараз қаласы бойынша мұндай жағдайлар тағы да қайталанбас үшін әрқайсысымен түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Жұрт талқысына түскен оқиғадағы қызметкер құзырлы органдармен кінәлі деп танылса, жұмыстан қуылады»,-дейді қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Әнуарбек Қалтаев.

Соңғы жаңалықтар