Таразда арнайы іс-шара барысында интернет алаяқтықтың 8 дерегі анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда 15 алаяқтық іске қатысы бар тұрғын қолға түсті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Жамбыл облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың сегіз түрлі дерегін анықтады.

«Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісінде алтын бұйымдарды сатамын деген желеумен азаматтардың сеніміне кіріп, оларды алдау жолымен ақшасын иемденіп кетіп отырған. Қазіргі уақытта миллион теңгеден астам сомаға жасалынған алаяқтықтың 15 дерегі тіркелді»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Барлық деректерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Соңғы жаңалықтар