Таразда алғаш рет жүректің қолқа клапаны пластикамен алмастырылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Кардиохирургия және трансплантология ​ ғылыми-клиникалық орталығында Украинадан және еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтаннан келген кардиохирургия майталмандары өңірде бұрын-соңды жасалмаған жүректің орта клапанына пластика қоюға арналған шеберлік сыныбын өткізді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір аптаның ішінде облыстағы бес жас пациентке жасалған отаның барлығы сәтті өтіп, жүрек клапандары ауыстырылған жасөспірімдер бір тәуліктен соң, жағдайлары жақсарып, өздеріне келген.

Украинадағы алғашқы жүрек трансплантациясының авторы, экономикалық тиімді денсаулық сақтау мен өркениетті трансплантология менеджментін қалыптастырушы, кардиохирург, профессор, Украинаның еңбек сіңірген дәрігері, Жүрек институтының директоры, қоғам қайраткері, блогер Борис Михайлович Тодуров (Киев) Тараз қаласына алғаш рет келгенін айтады.

- Қазақстанда кардиохирургия қызметі соңғы 15 жылда қарқынды дамып келеді. Дамығаны соншалықты, бүгінде пластикалық хирургияның жаңа әдіс-тәсілдері пайда болыпты. Жалпы, Қазақстанның кардиохирургтерінің деңгейі өте жоғары. Жүрекке жасалатын жай отадан бастап, оны алмастыруға дейін жеткен. Осы Тараз қаласына келгелі бері бүгінгі үшінші күнде бесінші отаны жасадым. Бұл ота – Қазақстан-Украина арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында өңірде алғаш рет жасалып отыр. Алдағы уақытта осы клиника дәрігерлері бұл операцияны өздері-ақ жасайтын болады. Мен осы елдің жас пациенттеріне екінші өмір сыйлап, қысылып қалған клапандарының қолқа тамырларына қан жүріп, денсаулықтарының жақсаруына жағдай жасап жатқаныма қуаныштымын, – дейді Б.Тодуров.


Соңғы жаңалықтар