Таразда алғаш рет жасалған торакотомиялық күрделі ота сәтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда алғаш рет торакотомиялық күрделі ота жасалды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында 65 жастағы Тараз қаласының тұрғынына торакотомиялық күрделі ота түрі жасалды. Ақ халаттылардың айтуынша, ота барысында өкпені бөлетін кеуде аймағында дамитын сирек кездесетін ісік алынып тасталып, ірі қантамырлар мен аортаның медиалды қабатының деструкциясы мен әлсіреуі нәтижесінде дамитын аневризмаға (қантамыр қабырғасының немесе жүрек қабырғасының солқылдап, бұлтиып шығып тұруы) жол ашылды. Адам өміріне қауіпті болып саналатын бұл ауру түріне жасалған хирургиялық араласудан соң пациенттің тірі қалуы екіталай. Аймақта тұңғыш рет жасалған бұл күрделі ота түрін облыстық көпбейінді ауруханасының жоғары санатты, білікті хирург-онкологтары Жандос Сейдахметов пен Марат Қалиев жасады.

Сәтті өткен операциядан соң, сегізінші тәулікте науқас үйіне шығарылды. Бүгінде жағдайы жақсы, бұрынғы ауру белгісіне шағымы жоқ. Өзін өмірге қайта келгендей сезінетінін айтады.

«Торакотомия – хирургиялық процедуралардың бірі болып табылады. Бұл медиастинаның және кеуде қуысының мүшелеріне қол жеткізу үшін кеуде қуысын ашуды қамтиды. Торакотомияға өкпенің, плевраның, өңештің, медиастинальды органдардың әртүрлі аурулары жатады. Олар: ісіктер, туберкулез, іріңді процестер, консервативті әдістермен емделмейтін жарақаттар. Операция шұғыл немесе жоспарлы, диагностикалық және терапиялық болуы мүмкін. Көбінесе онкологиялық ауруханалар мен фтизиатрия хирургтары ісік патологиясы мен туберкулездің кең таралуына байланысты торакотомияға жүгінеді. Сәтті торакотомия үшін пациентті мұқият дайындау, барлық ықтимал тәуекелдерді бағалау және операциядан кейінгі кезеңде ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін себептерді жою өте маңызды»,-дейді Ж.Сейдахметов.


Соңғы жаңалықтар