Таразда алғаш рет Арбат пайда болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздың енді өз Арбаты бар. Аталған нысан облыстың сексен жылдығына орай ашылған алып кешен – «Көне Тараздың» бір бөлігі ретінде салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арбат-2» деп аталатын жаяу жүргіншілер алаңы - тұрғындар үшін тынығуға арналған таптырмас орын. Ол «МАРТ» ойын-сауық сауда орталығынан Аққозиев көшесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Ұзындығы - 500 метрге жуық. Онда бекітілген аумақ тегістеліп, 2400 шаршы метрге жуық жаяу жүргінші жолы төселді. Бұрынғы «Шахристан» базарының қоршауына демонтаж жұмысы жүргізілді.

Арбат құрылысын бас мердігер «Север-ЮГ Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарған. 2434 шаршы метр аумаққа газон төсенішін төсеу, ағаш отырғызу және жарықтандыру бағаналарымен қамтамасыз ету жұмыстары қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін облыс орталығында мұндай жаяу жүргіншілерге арналған Арбат болған емес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша тарту болып отыр.

Жалпы, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағына 45 мың шаршы метрге өрнектас төсеніш төселіп, 6 субұрқақ орнатылды. 67 дана орындық, 57 дана қоқыс жәшіктері және 2 дана беседка қойылған. «Көне Тараз»-дың қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған жәдігерлердің макеттері де аталған аумақтан орын алып, сәулеттік сәнін артырып тұр.

Сондай-ақ алдағы уақытта «Арбат-1», «Арбат-3» жобалары да жүзеге аспақ. Ол ғана емес, «MART» сауда орталығының артындағы 350 метр канал бойына кіші архитектуралық нысандар салынып, келушілерге жайлы жағажай жасалмақ.

Соңғы жаңалықтар